Мойынқұм ауданындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің түлегі Фариза Шалтай Шымкент қаласында бокстан өткен республикалық чемпионатта алтыннн алқа тақты. 81 келіде сынға түскен ару барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Қыздар арасындағы бокстан ел абыройын асқақтатып жүрген жастардың бірі-Фариза Шалтай. Ол 2018 жылы бокстан Қазақстан чемпионатында алтын алқа тақса, екі мәрте күміс жүлдегер атанды. Бұдан басқа да бірнеше халықаралық жарыс, универсиада, спартакиада, турнирлерде бірінші, екінші орындарды иеленіп, алтын, күміс медальдарға қол жеткізді.
Мойынқұмның тумасы Шымкент қаласында өткен республикалық чемпионатта 81 келі салмақта барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жеңістің биік тұғырына көтерілді. Республика чемпионы атанған жерлесіміз, алтыннан алқа тақты.
Бокспен айналысқанына бар болғаны жеті-ақ жыл болған 25 жасар жуан жұдырықты бойжеткен көптеген биіктерді бағындырды. Ол 2017 жылдан «Спорт шебері», ал 2019 жылдан бері «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтарының иесі. Бүгінде бокстан әйелдер арасындағы ұлттық құрамының мүшесі.
Материал «Мойынқұм таңы» басылымынан алынды