Мойынқұм ауданында жұмысссыздықпен күрес шаралары жалғасуда. Биыл 2383 жұмыссыздан 1344-і белсенді шараға тартылыпты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2020 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 28,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, барлығы 155 азаматты жұмысқа тарту жоспарланған.
Осыған дейін 19 жеке кәсіпкер мен шаруа қожалықтары арқылы келісім-шарт жасалып, барлығы 211 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданыпты.
Жастар іс-тәжірибесі бойынша 2020 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 30,3 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, 6-айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін барлығы 60 адамды тарту жоспарланып отыр.
Есептік мерзімге 110 азамат жастар іс-тәжірибесіне жолданыды. Қоғамдық жұмыстарға 2020 жылы жергілікті бюджеттен 105,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралған, республикалық бюджеттен қосымша 158,0 млн,теңге қаражат қосымша бөлінді.
Жыл аяғына дейін 800-жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Берілген есептік мерзімде 1029 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жолданды, 176,7 млн. тенге қаражат игерілді.