Жамбыл ауданында 33789 тонна өнімді сақтайтын 112 қойма бар

0 11

Жамбыл ауданындағы егістік алқабынан алынған қыруар өнім 112 қоймада сақталатынын ескерсек, еңбек еткен шаруалардың өнімі шет мемлекеттер мен басқа да облыстарға тасымалданады, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қойма жайыны келер болсақ, Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан «Kaz Pruk Laim» ЖШС-нің көкөніс жəне жеміс-жидек сақтау қоймасының сыйымдылығы 2 мың тоннаны құрайды. Серіктестік директоры Көшкенбай Құлманбетовтың айтуынша, қойма бүгінде көкөніс пен жеміс-жидекке толтырылыған.

Қазір қоймада 400 тонна алма, 200 тонна картоп, 200 тонна сəбіз жəне 170 тонна пияз ылғалды температурада сақталуда. Қоймада 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ мұнда Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарының да көкіністері бар. Ал, осыдан 12-15 жыл бұрын ауданымызда көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма саусақпен санарлықтай болатын.

Бұған қоса, ауданға қарасты Қарой, Гродиково, Полатқосшы, Қаратөбе, Ақбұлым, Айшабибі ауылдық округтердің бәрінде де қоймалар бар. Дені Полатқосшы ауылдық округінде. Мұнда 97 қойма, Қаройда 2, Гродиковода 7, Қаратөбеде 2, Айшабибіде 2, Ақбұлымда 2 қойма бар.

— Өңірде сиымдылығы 33789 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын 112 қойма бар. Бүгінде 51 қоймада 22293 тонна өнім сақталуда. Нақтырақ айтсам, 36 қоймада 19280 тонна пияз, 10 қоймада 2837 тонна сәбіз, 3 қоймада 126 тонна алма, 2 қоймада 50 тонна асханалық қызылша сақтауға қойылған, – деді ауданның бас агрономы Амангелді Әбдібеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.