Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев есептің жауабын айтқан азаматтарға 1400 доллар бермек

0 328

Белгілі ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев есептің жауабын айтқан азаматтарға 1400 доллар береді. Ол бұл туралы  «Tańsholpan» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ғалымның есебі – х!+1=у2. Асқар Жұмаділдаев бұл есепті бұрын 100 доллар сыйақыға ұсынған еді.

«х!+1=у2 есебінің бағасы 1400 долларға өсті. Жылдан жылға бұл сома 100 долларға артады. Мен өлгенше 100 долларға өсіп отырады», — деді ол.

Оның айтуынша, бұл өте қиын есеп. Шығара алмайтын есептер қатарына жатады. Десе де, ғалым есептің жауабын тапқан адамға 1400 доллар беруге дайын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.