Талас ауданында өткен жылы жалпы өндірілген өнім және қызметтердің көлемі 47 млрд. 690 млн. 900 мың теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд. 576 млн. теңгеге артық орындалды. Пайызбен айтқанда 105,7%. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов айтты.
Спикердің айтуынша ауданда атқарылған жұмыстар мұнымен бітпейді. Мәселен, өнеркәсіп саласында өрге жылжу бар. Айталық былтыр өнеркәсіпте өндірілген өнімдер 22 млрд. 631 млн. 600 мың теңгеге құраған. Бұл да 2019 жылмен салыстырғанда 36 млн. 200 мың теңгеге артық. Инвестиция тарту мен оны игеру бойынша да игі істер қолға алынған. Яғни, былтыр салынған инвестициялардың жалпы көлемі 18 млрд. 835 млн. 100 мың теңгені құраған. Бұл әдеттегі көрсеткіштен 1 млрд. 704 млн. 700 мың теңгеге артық табыс.
Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімі былтыр 15 млрд. 361 млн. 200 мың теңгеге өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 млрд. 371 млн. 300 мың теңгеге артқанын көрсетеді.
«Мал шаруашылығы бойынша былтыр мал басының саны: мүйізді ірі қара 29 477 бас, қой-ешкі 335 167 бас, жылқы 12 859 бас, түйе 2 184 бас, үй құстары 38 266 басқа жеткен. Бұл көрсеткіштер 2019 жылмен салыстырғанда ірі қара 111,8%, қой-ешкі 108 %, жылқы 116,7%, түйе 100,5%, үй құстары 104,4% артқанын көрсетті. Мал мен құс еті 12 859 тонна, сүт 8 219 тонна өндірілді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет 102,5%, сүт 102,4%, жұмыртқа 100,7%-ға орындалды», — деді Бақыт Алпысбайұлы.
Былтыр таластық дихандар барлығы 13 525 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, жоспар 100% орындаған. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 1303 гектарға өскен. Яғни, барлық егістік жердің 85% игерілді. Оның ішінде күздік бидай 4800 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4465 гектарды құрады. Сонымен қатар, 2720 га жер парға дайындалыпты.
Ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1740 адамды құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша былтыр жалпы соммасы 621 млн. 414 мың теңгеге 2 тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар аяқталған.
Еңбек нарығы және әлеуметтік салада да ілгерілеу бар. Былтыр халықтың саны 54 743 адамды құраған. Ал қалада 30495 адам, ауылда 24248 адам бар. Бірақ 2019 жылы 54 866 тұрғынға жетіп, 99 адамға кеміген. Халықтың орташа айлық жалақысы 122 956 теңгені құрап, 19,7%-ға өскен 102744 теңге болатын.
#ӨКҚ
#РСК
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.