Жамбыл облысында «Тараз-көлік жолы» ЖШС асфальт-бетон шығаруда

0 13

Сарысу ауданындағы «Тараз-көлік жолы» ЖШС-інде С-185 асфальт-бетон заводы және КСД-900 уақтау-сұрыптау қондырғысын электрмен қамтамасыз ету жұмыстары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске асырылуда, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінде «Тараз-көлік жолы» ЖШС өңірде автокөлік жолдарын жөндеу және құрылыс жүргізуге қажетті материалдар дайындаумен айналысады. Зауыт директорының айтуынша, зауытта құрылыс құмы, қиыршық тас, құм аралас қиыршық тастар өнделіп, қиыршық тастың оңтайлы қоспасы және асфальт дайындалады екен. Зауыттың жылдық қуаттылығы 50 000 м³-ты құрайды. Онда 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған.

Серіктестік бүгінде С-185 асфальтбетон заводы және КСД-900 уақтау-сұрыптау қондырғысын электрмен қамтамасыз ету жұмыстары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске асырылған. Зауыт маусымды жұмыс атқарады. Зауыт өткен жылы 13 мың тоннадан аса өнім өндірген.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев зауытта болған кезде, зауыт жұмысын жандандырып, жұмысшы санын арттыруды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.