COVID-19 пандемиясына қарсы ерікті түрде Жамбыл ауданы №3 орта мектебі әкімшілігі мен мұғалімдері екпенің 1 кезеңін қабылдады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
— Бүгін үшінші күн. Мұғалімдердің ешбірінде өзгерістер орын алған жоқ, жағдайымыз жақсы. Әрекетін жасадық, Аллаһтан елімізді індеттен аман алып шығуын тілейміз! — дейді мектеп директоры Досқожа Жандос.