Сарысулықтар «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акцияны қолға алды

0 0

Сарысулықтар «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акциясын қолға алды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің бастамасымен белсенді жастар жалғызілікті ардагерлердің үйлерін аралап, олардың мұң-мұқтажымен танысты.

Аудан басшысы «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында зейнеткерлер Өзбек Елеусізов, Зина Құрманбекованың үйінде болды.

Зейнеткерлерге сый-құрмет көрсетіп, үй шаруашылықтарына қолғабыс етті. Отын-суларын тасып, аулаларда қыс бойы жиналған қарды тазалады.

— Жастардың көмегі — бізге үлкен демеу. Оларсыз біз не істер едік?! Жақсы іс жалғасын тапса. Аудан басшысы көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамын, — деді зейнеткерлер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.