Жаңа инновациялық технологияларды өндіріске енгізу арқылы биыл Байзақ ауданында жаңбырлатып және тамшылатып суарылатын егіс алқабы 1702 гектарға артты. Биыл оны жыл соңына дейін 4040 гектарға жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде тамшылатып суаруды 3211, жаңбырлатып суаруды 829 гектарға орнату көзделген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Аудан аумағында 151 су шаруашылығы нысаны жұмыс істейді. Оның 143-і канал, 8-і коллекторлы дренажды жүйелер. Бұл нысандардың 120 (112 канал мен 8 коллекторлы дренажды жүйе) «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының «Байзақ» өндірістік бөлімшесінің теңгерімінде.
Аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында суармалы жерлерді пайдалану көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 мың гектарға артқан. 2022 жылы бұл көрсеткішті 32 553 гектарға жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 348 километрді құрайтын 72 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 284 миллион теңгеге ұзындығы 107 километрді құрайтын 23 каналға жөндеу жүргізіліп, 6882 гектар егістікке ағын су жеткізілген.
Бұдан бөлек, Талас пен Байзақ ауданының шекарасында сыйымдылығы 11 миллион текше метр «Ақмола» су қоймасын салу жоспарлануда.
Жаңа инновациялық технологияларды өндіріске енгізу арқылы биыл Байзақ ауданында жаңбырлатып және тамшылатып суарылатын егіс алқабы 1702 гектарға артты. Биыл оны жыл соңына дейін 4040 гектарға жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде тамшылатып суаруды 3211, жаңбырлатып суаруды 829 гектарға орнату көзделген. Осыған орай 28 жаңбырлатып суару қондырғысын алуға «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на өтініш беріліп, қазіргі таңда оның үшеуі шаруашылықтарға жеткізілген.