Жамбылдық түлектер ауылға ойын алаңшасын салып берді

0 7

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Жомарт түлек» жобасы Жамбыл ауданында  ерекше қолға алынған. Бүгін Қарасу ауылдық округіндегі Қ.Сартбаев атындағы орта мектепті 2001 жылы тәмамдаған Ащыбұлақ және Шайдана ауылының 1984 жылдары туылған азаматтары ауылға балаларға арналған ойын алаңшасын салып берді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мектеп түлегі Олжас Амангелдіұлының айтуынша, құрылыс жұмыстарына 2 млн теңге қаражат жұмсалған.

— Жылдар өтсе де мектепке дәлірек айтсақ, ұстазға деген сағыныш басылмайды екен. Бүгін сыныптасарымызбен бірлесіп, ауылға осындай игілікті істі атқардық. Арамызда бақилық болған азаматтардың ата-анасы осы игілікті шараға келіп, ойын алаңшасының кермесін қиып, ізгі-тілектерін білдірсе, ардагер ұстаздар білім ордасының табалдырығында жүргендегі естеліктерімізді айтып, бір сергіп қалды. Осындай бастама әр ауылда жалғасын таба берсе, туған өлке жасара беретіні сөзсіз,- дейді ол.

Мұнан соң жомарт түлектер ойын алаңшасында асыр-салып ойнап жүрген балдырғандарды тамашалап, ауылдық мешітте дастархан жайып, ұстаздарына ілтипат көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.