Жамбылда ақ халатты абзал жандар марапатталды

0 5

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні екені белгілі. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Осыған орай Жамбыл аудандық орталық емханасының акт залында медицина қызметкерліне құрмет көрсетілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құрметіне өткен салтанатты жиынға аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев арнайы келіп қатысты. Басшылар ақ халатты абзал жандарға жылы лебіздерін білдіріп, бірқатарын марапаттады.

Райымбек Сияқұлұлы аудандық орталық емхананың жанұялық дәрігері Мөлдір Сейітқасымоваға аудандық мәслихаттың Алғыс хатын, фтизиатр дәрігер Айнаш Ермекбаеваға, Айшабибі дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейірбикесі Бикен Аманғалиқызына Жамбыл ауданының Құрмет грамотасын табыс етсе, Олжас Елебекұлы аудандық орталық емхананың оториноларинголог дәрігері Дінахмет Өтемғалиевқа, аудандық орталық ауруханадағы балалар бөлімінің меңгерушісі Асылбек Түленовке, жалпы тәжірибелі дәрігер Қанат Құрмановқа, Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Жұлдыз Момбековаға, «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл аудандық бөлімшесінің дезинструктор маманы Нұрғали Бибазаровқа аудан әкімінің Алғыс хатын, аудандық орталық ауруханадағы ота бөлімінің меңгерушісі Жетпісбай Айхожаевқа, терапия бөлімінің аға мейірбикесі Айсұлу Рсалиеваға, «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл аудандық бөлімшесінің радиолог маманы Гүлжамал Сейітқасымоваға, Гродеково дәрігерлік амбулаториясының аға акушері Майра Ізбасароваға аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыстады.

Кездесу соңында сөз алған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруков медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, марапат ұсынған басшыларға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.