Жамбыл ауданында тәртіп сақшылары құрметке бөленді

0 0

Бүгін, 23 маусым — Полиция қызметкерлерінің күні. Осы орайда Жамбыл ауданында қажырлы еңбегіне қарай құқық сақшыларына аудан әкімі Сәкен Арубаевтың Құрмет граматосы табыс етілді. Олардың қатарында Жамбыл ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Қалмаханда бар, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Төл мерекесіне орай аудандық полиция бөлімінде аудан әкімінің Құрмет Грамотосын табыстаған аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Талғатбек Тәтенов Азамат Қалмаханұлына ізгі тілектерін арнап, жұмысына табыс тіледі.

Рас, Азамат Қалмаханұлы — білікті, қырағылығымен, әділдігімен ел аузында жүрген азамат.
Сондай-ақ бұл күні бірқатар азаматтар лайық марапатқа ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.