Таразда қала әкімінің өкімімен “Дизайн код” бекітілді

0 0

Таразда қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың өкімімен “Дизайн код” бекітілді. Аталмыш құжат арқылы шаһар аумағындағы қала құрылысының регламенті бекітілді. Яғни, бұдан былай қаладағы барлық жұмыс істеп тұрған және енді ашылатын бизнес, салынатынТаразда қала әкімінің өкімімен “Дизайн код” бекітілді нысандары бекітілген «Дизайн кодты» сақтауы қажет, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Аталмыш жоба бұған дейін қоғам белсенділерінің назарына ұсынылып, талқылаудан өткен болатын.

Дизайн код — бұл стилистикалық тұрғыдан бірыңғай, ыңғайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруда қолданылатын ережелер мен нұсқаулар. Бұл термин қалалық интерьердің архитектуралық-көркемдік көрінісін қалыптастыратын және қолайлы жағдай туғызатын барлық элементтерді қамтиды: тартымды ғимарат қасбеттері, ыңғайлы жаяу және велосипед жолдары, ақылды орналастырылған ақпараттық және жарнамалық құрылымдар, айқын навигация элементтері, кішігірім архитектуралық формалар.

Дизайн кодының жобасы — негізгі параметрлері «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген бірыңғай архитектуралық стильді жүзеге асырудың құралы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.