Сарысу ауданының әкімі қарияларға ерекше құрмет көрсетуде

0 13

«Қарты бар елдің-қазынасы бар». Шынында да, қазақ үлкенді үлгі тұтып, өсиетін өмірлік ұстанымымен сабақтастырған данагөй халық. Тұтас елі төріне шығарып, төбесіне көтерген қазыналы қариялар Сарысу ауданында да аз емес. Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қаламгер Пернебай Дүйсенбиннің шаңырағында болып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, ақпарат күніне байланысты құттықтап, шығармашылығына табыс тіледі, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Аудан басшысы әр саладағы қарияларды арнайы іздеп танысып, ақыл-кеңестеріне құлақ түруді жөн санайды.

Пернебай Дүйсенбин — Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық және Халықаралық «Дарабоз» әдеби сыйлықтарының иегері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы.

Пернебай ағамыз әдеби дүниелерден бөлек, шежіре жинақтаумен айналысады. Сонымен қатар ол Сарысу ауданының тарихына қатысты да тұшымды туындыларын ұсынып болашақ ұрпаққа мол қазына қалдыруда.

Аудан әкімі қаламгерге барынша құрмет көрсетіп, ақыл-кеңесіне құлақ түрді. Құрмет громатасы мен сый-сияпат табыс етті.

Өз кезегінде қарымды қаламгер аудан әкіміне әкелік ақ батасын беріп, арнайы келіп танысып, сый-құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.