Бүгінде Сарысу ауданында төрт түліктің саны өсіп, оның арқасында өңір тұрғындарының да әлеуеті артты. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, сарысулықтар қыс қамына кірісіп, шөп жинауды бастап кеткен. Осыған орай аудан басшысы қысқы мал азығының дайындығын өз көзімен көріп, шаруа қожалықтарын аралап, жұмыс барысын зерделеуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.
Аудан әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жоспарының бірінші сатысы мал шаруашылығына арналған. Осы орайда, мал азығын дайындау, сапалы жем-шөптің берік қорын жасау — басты міндет.
Шоқ жұлдыздай алқапатың шетіне табан іліктіргенде алдымен көзге түсетіні қоянжонданып үйілген мая-мая шөп. Халық әр күні жылға азық болатын қоңыр күзде қыс қамына кіріскен.
– Жаздың аптап ыстығы өсімдік атаулыға оңай тиіп тұрған жоқ. Осы орайда Сарысу ауданы бойынша шөп дайындау барысы туралы тоқталар болсақ жалпы шөп шабуға бекітілген алқап көлемі 34415 га. Оның ішінде 29370 га шабындық алқап және 5045 га көпжылдық шөптер (жоңышқа). Бүгінгі күні 5045 га көп жылдық шөптер алқабы толық шабылды, ал табиғи шабындық алқаптың 8020 га орылды. Дайындаған шөп көлемі 44528тонна. Жұмыстың орындалуы 44.0%. Бұдан бөлек Шу бойына 7100 га табиғи қамыс шөбі, сай салалар мен өзен арналары орылады. «Қыстың қамын жаз ойла» дегендей, бүгінде ауданда жақын арада жаппай қыстық мал азығын дайындау жұмыстары ауданымызда қарқынды жүргізілуде, – дейді аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев.