Дала еңбеккерлері тынымсыз тірліктің бел ортасында

0 5

Өңірімізде егістік алқабына дала кемелері аттанып, қойманы «алтын дәнге» толтыруға кірісті. Жамбыл ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібековтың мәліметіне сүйенсек, биыл 18537 гектарға масақты дәнді дақылдар себілген. Оның 4562 гектарына күздік бидай, 13975 гектарына жаздық арпа егілген. Бүгінде 28 комбайн 3410 гектарға орақ салса, 33 тасымалдайтын техника қоймаға 2535 тонна өнімді жеткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Жиналған өнімнің 404 тоннасы күздік бидай, 2131 тонна жаздық арпа. Әр гектардан орта есеппен 7,5 центнерден өнім алынуда. Аудан бойынша Жамбыл ауылдық округі, Жасөркен, Қаракемер ауылында еңбектің нағыз қызған шағы. Аптап ыстыққа қарамастан шаруалар төккен тердің ризығын жинап, қыс қамына кіріскен.

Дала еңбеккерлері тынымсыз тірліктің бел ортасында. Соның бірі Қаракемер ауылдық округінің тұрғыны 26 гектарға арпа егіп, өнімін жинауға кіріскен Әбілсейіт Добаев.  «Добай» шаруақожалы егістікке 2 комбайн жегіп, өнімін қоймаға жөнелтіп үлгеріпті. «Өнім көңіл қуантады дейді», дейді шаруақожалық төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.