«Дипломмен ауылға» жобасы: Сарысу ауданында тұрғын үй сатып алуға 18 маманға — 78,7 млн. теңге жоспарланған

0 0

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында Сарысу ауданында үстіміздегі жылы тұрғын үй сатып алуға 18 маманға — 78,7 млн. теңге жоспарланған. Әр маманға 4 млн.375,5 мың теңгеден (1500 АЕК) аспайтын мөлшерде бюджеттік кредит берілмек, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ-сі ауданда осы жоба аясында көрсетілетін қызметті беруші болып бекітілген.

2021 жылдың 1 шілдесіне тұрғын үй сатып алуға 6 маманға – 26 253,0 мың теңге (агроөнеркәсіп кешені саласы – 2, білім саласы — 3 және мемлекеттік қызмет саласы — 1) бюджеттік кредит берілген.

Сондай-ақ, 2021 жылы жоба аясында бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 60 маманға — 17,5 млн. теңге жоспарланған. Бір маманға 291,7 мың теңгеден (100 АЕК) аспайтын мөлшерде төленеді. 2021 жылдың 1 шілдесіне 20 маманға – 5 834,0 мың теңге (білім саласы — 11, агроөнеркәсіп кешені саласы — 4, мемлекеттік қызмет саласы — 4 және спорт саласы — 1) төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.