Аса ауылындағы «Аида» мейрамханасында санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды

0 6

Жамбыл ауданында азық-түлік дүкендеріне, мейрамханаларға аудан әкімдігі жанынан індетті алдын алу мақсатында құрылған шұғыл топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Соның ішінде «Той жасауға, халықты көптеп жинауға рұқсат етілмейді» деген хабарды шұғыл топ аудан орталығындағы «Аида» мейрамханасына да ескерткен. Бірақ, мейрамхана иесі елдің денсаулығын емес қалта қамын бірінші орынға қойып, 60-тан астам көпшілікті қуықтай залға сыйдырып, «Бесік той» жасауға рұқсат берген.

Елімізде аты жаман індет қайта белең алып, жұқтырғандар қатары күннен-күнге көбейе бастады. Халықаралық сарапшылар дабыл қағып, сақтанудың маңыздылығын айтуда.
Жақынынан айырылған азаматтар халық көп шоғырланған орындардан алшақ жүріп, бетперде режимін сақтап жүр. Өйткені, күні кеше көзі көрген жақыны санитарлық талапты орындамағаны салдарынан ажал құшып, мына өмірмен қош айтысқан еді. Міне, осы көрініс оның есінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз.  Әйтсе де қоғам арасында жұқпалы дерттің бар екеніне сенбеушілік танытып, талаптарға немқұрайды қарайтын азаматтар бар.

Тойғп жиналған қараша халықтың арасында жасы шау тартқан тұрғындардан бөлек, кішкентай бүлдіршіндерге дейін жиналған. Бетперде тағылмаған, арақашықтық сақталмаған. Сондай-ақ, нысанға зерделеу жүргізген шұғыл топ мүшелерін ысырып, итеріп шығармақшы болған. Тойды тоқтату үшін мұндағылар құқық қорғау органының қызметкерлеріне жүгінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.