Мойынқұм ауданында қос бірдей футбол алаңшасы ашылды

0 8

Мойынқұм ауданының Ұланбел, Қылышбай ауылдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 жоба аясында және 6 шілде – Елорда күні мерекесіне орай кіші футбол және стритворкаут алаңшасы ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу орталығының директоры Темірхан Жұмағұлов және ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ержан Әлімханұлы жиналғандарды 6 шілде – Елорда күнімен және жаңа футбол алаңшасының ашылуымен құттықтап, індетке байланысты сақтық шараларын орындауға шақырды. Сонымен қатар ауыл ақсақалдары Ж.Елубаев, Т.Серікбеков, С.Үсіпжановтар сөз алып, жиналған қауымды пайдалануға берілген футбол алаңшасының ашылуымен құттықтап, ұқыпты пайдалануды сұранды.

Алаңның ашылу лентасын қию рәсімін аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов пен Ұланбел ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Жолшыбек Елубаев, Қылышбай ауылдық округінде ардагер ұстаз Серік Үсіпжановтар орындады.

Ауданда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында спорт саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ бүгінгі күнге жергілікті
тұрғындар дене шынықтырумен айналысу үшін ауданда барлығы 134 спорт нысаны бар, оның ішінде 1 спорт кешені, 1 орталық стадион, 28 спорт зал және 104 спорт алаңдары аудан тұрғындарына тегін қызмет көрсетуде.

2020 жылы»Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 9 ауылдық округте жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары пайдалануға берілсе, ал «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Бірлік ауылында сметалық құны 322,308 млн теңгеге спорттық сауықтыру кешені, Мойынқұм ауылында сметалық құны 204,681млн теңгеге Б. Момышұлы атындағы орталық стадионына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.