Мойынқұм ауданына Алматыдан экспедициялық топ келді

0 0

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Мойынқұм ауданына Алматы облысы Жамбыл ауданынан «Жамбыл тұрған жерден – туған жеріне дейін» атты экспедициялық топ келді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жамбыл бабамыз тұрған жерден келген экспедиция құрамында Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы, Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы Саят Жұрын, Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Әскербек Абаев, Жамбыл ауданы қоғамдық кеңес төрағасы Жұмабек Чажабаев, Жамбыл аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және де БАҚ өкілдері болды.

Алдымен экспедициялық топты аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы бастаған зиялы қауым өкілдері жыр шашумен қарсы алды. Содан соң Жамбыл атамыздың туған жері Жамбыл ауылында болып, 1996 жылы тұрғызылған Жамбыл Жабаевтің белгі тасына гүл шоқтарын қойылып, Жамбыл Жабаев бабамыз рухына құран бағышталды.


Түс қайта экспедициялық топ Жаз-Ата саябағында болып, екі мәрте Социолистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтің белгі тасына гүл шоқтарын қойып, рухына құран бағыштады. Сонымен қатар, экспедициялық топ аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы орталық музейін аралап, музейдегі тарихи жәдігерлермен танысты. Жамбыл ауданның әкімі Нұрлан Ертасұлы музей ұжымына жақында жарық көрген Жамбыл Жабаевтің кітабын тарту етті.

Бұдан соң экспедициялық топ аудандағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясындағы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Жамбыл мектеп гимназиясының директоры Саурықов Нұртас келген қонақтарды мектептің тыныс тіршілігімен таныстырды.
Сонымен қатар Жамбыл ауданынан келген қонақтар аудан әкімдігіне барып зиялы қауым өкілдерімен кездесуге қатысты. Кездесуде Жамбыл ауданның әкімі Нұрлан Ертасұлы аудан бойынша Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына байланысты атқарылған ісшаралары туралы және ауданның тыныс-тіршілігі туралы баяндады.

Жиында екі ауданның зиялы қауым өкілдері Ұлы ақын Жамбыл Жабаев туралы өз пікірлерін ортаға салды. Экспедиция соңы аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының қатысуымен, Алматы облысы Жамбыл аудандық «Сүйінбай сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.