Сарысуда «Ғажайып қалам – Астанам!» атты мерекелік кеші өтті

0 0

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі аясында және Астана күніне орай Сарысуда «Ғажайып қалам – Астанам!» атты мерекелік кеші өтті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мерекелік кеш басталар алдында аудан басшысы 2019-2021 жылдар аралығындағы «Бизнес Бастау» жобасы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлердің өнімдер жәрмеңкесін аралады. Олармен тілдесіп, еңбектеріне сәттілік тіледі. Қала әкімі Д.Борсықов оларға алғыс хаттармен сый-сияпат тарту етті.

Аталған кеш «Бәйтерек» театрландырылған көрінісімен бастау алды. Музыкалық – поэтикалық театрландырылған қойылымды «Сарысу» халық театры орындады.  Сарысу көгінде «Арман Астана» — әнінің әуені ойнап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Осынау бүкіл Қазақ елінің мерейлі мерекесімен Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтап, бірқатар азаматтарды Алғыс, Құрмет громаталарымен марапаттады.

Кеш Жаңатас көгін әуелей,әсем ән, әдемі би, мағыналы көріністермен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.