Таластық шаруалар қыс қамына кіріскен

0 0

Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек қысқы мал азығын дайындап жатқан шаруашылықтардың жай-күйін барлады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Іс-сапар барысында Қанатбек Қайшыбекұлы Арбатас жотасы арқылы Аралтөбе, Марынсаз бен Жалпақсаз шабындықтары мен егістік алқаптарын аралап шықты.

Берікқара ауылдық округіне жататын аталмыш жерлерде 58 шаруа қожалық болса, оның 19-ы егіспен айналысады. Шаруа қожалықтар көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы бойынша барлығы 500 га жерге арпа, 400 га жерге мақсары және 50 га жерге жоңышқа еккен.

Ал Майтөбе өндірістік кооперативінде бүгінгі күні 1996 га жерге күздік бидай, 500 га жерге арпа және 400 га жерге мақсары егілген.

Сонымен қатар, аудан басшысы мал азығын дайындайтын «Нұрислам» және «Нұрдаулет» шаруақожалықтарының жұмыстарымен танысып шықты. Берікқара ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының төрағалары да ойларын айтып, жотаға шығар төте жол салу мақсатында «Асқанбай» асуындағы қақпа тастарды арнайы техникамен бұзу туралы ұсыныс білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.