САРЫСУЛЫҚТАРДЫҢ ЕКПЕГЕ ДЕГЕН ЫҚЫЛАСЫ ЖАҚСЫ

0 8

Сарысу тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Халықтың екпеге деген ықыласы жақсы, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Жұқпалы індеттің алдын алу үшін вакцина салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Аудан тұрғындарына санитариялық-эпидемиологиялық нормаларын сақтау және короновирус инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша кең ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай ағымдағы жылдың 19 шілдесінде мониторингтік топ жұмысын бастап, Жаңатас қаласындағы кәсіпкерлік нысандарда Бас санитарлық дәрігердің №32 қаулысымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Жұмыс барысында 2 сауда үйі және 4 мейрамхана қамтылды. Барлық нысан иелеріне сақтық шараларын сақтау, вакцина салдырудың маңыздылығы ескертілді.

Ал, дәрігерлер екпенің қай түрін салдырса да тұрғындардың өз еркі дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.