Тоғызкентте асарлатып салынған үй пайдалануға берілді

0 0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған “Асарлатып үй салу” жобасы аясында бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Тоғызкент ауылында тұрғын үйдің кілті табыс етілді, — деп жазады “Zhambylnews” AA.

Сарысуда 2021 жылға аталған жоба аясында Жаңатас қаласы және 8 елді-мекендерде ақсақалдар, кәсіпкерлер мен ерікті жастардың қолдауымен көмекке мұқтаж, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға үйдің кілттері табыс етілуде.

Сақтық шаралары ұстала отырып өткен, салтанатты шарада аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, игі істі абыроймен атқарып, ат салысқан барлық жергілікті азаматтарға алғыс білдірді.

Сондай-ақ баспаналы болған Жақсыбек Оспанов өз алғысын білдіріп, қуанышын жасырмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.