Жуалы ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен 12 тамыз — «Халықаралық жастар күні» мерекесіне орай әр салада үздік қызмет етіп жүрген жастар марапатталды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов қатысып, аудан жастарын жастар күні мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, әр салада үздік қызмет етіп жүрген жастарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.