Талас ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

0 18

Бүгін “Nur Oran” партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар көшелерді жөндеуден өткізу, Ойық көлін тазарту, көшелерді жарықтандыру және шабындық жерлер мәселесін көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған партия филиалының төрағасы бірқатарына заң аясында түсініктеме беріп, кейбіреуінің мәселесі бойынша жауапталарға тапсырма берді. Сондай-ақ, қабылдауда көтерілген мәселелерді өз бақылауына алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.