Шу ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында спортшылар күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов спортшыларды қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары спортшыларды және спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды мерекесімен құттықтап естелік сыйлықтар табыс етті.