Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталық мәдениет үйінде аудандық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» форумы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Форумда аудан әкімі Олжас Қаржауов аудан тұрғындарын тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
— Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сіздер тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан жастар бүгін де еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек, — деді аудан басшысы.
Әрі қарай аудан басшысы елеулі еңбек еткен ұстаздарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.