Былтыр Жамбылдық 10 мыңнан аса азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді

0 15
Жамбыл облысында қазіргі кезде адвокатардың саны 235-ке жетті. Өңірде 1 120 293 тұрғын бар десек, 1 адвокаттың орташа жүктеме 4 767 адамды құрайды. Барлық аудан 100 пайыз адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген. Аймақта 1 аумақтық адвокаттар алқасы, 10 заң консультациясы, 6 адвокат кеңсесі халыққа қызмет етеді. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында жергілікті әділет департаменті басшысының орынбасары Дәурен Дайрабаев айтып берді  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Оның мәліметінше, бұл ведомство 151 адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасасқан екен. Былтыр 10 190 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.
«Өткен жылға қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен облысымызға 107 млн 700 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Адвокатура саласы біздің күнделікті бақылауымызда. Мәселен, есепті кезеңде департамент ұсынысы негізінде 1 адвокаттың лицензия күші тоқтатылды, тағы 1 адвокаттың лицензия күші уақытша тоқтатылды, 7 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Дәурен Жигулиұлы.
Ол бүгінде облысымызда 184 нотариус қызмет атқаратынын атап өтті. Олармен 426 256 нотариалдық іс-әрекет жасалған. Өңірде 1 нотариусқа орташа жүктеме 6 088 адамды құрайды.
«Нотариат саласына да бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтардың бірі – нотариаттық құжаттардың электронды нысанда сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етететін электрондық жүйе құру арқылы нотариустардың жұмысы оңтайландырылды. Осының негізінде, нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін жүргізудің қажеттілігі алынып тасталды», — деп түсіндірді спикер.
Leave A Reply

Your email address will not be published.