Шу ауданы Бірлік ауылындағы «Kaz-Ir Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі майлы дақылдардың тұқымын өндіріп, май шығарумен айналысады. Өндіріс орынының тынысымен аудан әкімі С.Арубаев танысып қайтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл зауыт мақсары майын өндірумен қатар майлы дақылдар мен дәнді дақылдарды және олардың тұқымын өсірумен танымал. Қазір күніне 6 тонна өнім шығарып отыр. Тауарларына нарықта сұраныс бар.
Мұнда 62 адам жұмыспен қамтылған. Олардың орташа жалақысы 75 000 теңге төңірегінде.
Зауыт жақын күндері өндірістік қуатын тәулігіне 9 тоннаға дейін артыруды көздеп отыр. Ол үшін Германиядан 175,09 млн теңгеге жабдық сатып алған. Қазір жабдықты орнату жұмыстары жүруде.