Шу ауданында қант қызылшасын егу жолға қойылған. Тәтті түбір егіп, ауыл шаруашылық саласында үлкен жұмыс жүргізіп отырған серіктестіктің бірі — «Qyzylsha» ЖШС-і. Аудан әкімі кәсіпкерлік жұмысымен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Серіктестік алдағы уақытта жер көлемін тағы да арттырып, 500 мың тонна қант қызылшасын алуды көздеп отыр. 87 адамды тұрақты жұмыспен, жиын-терім кезінде тағы 250 адамды маусымдық жұмыспен қамтуда.Өткен жылы 1100 га жерді су үндемдеу қондырғылары арқылы нәрлендіріп, өндірілген өнім көлемі көңілдегідей болған. Ал, биыл 1000 га алқапқа қант қызылшасын, 150 га жерге картоп, 440 га алқапқа жүгері егіп, мол өнім алуды, оған қоса су үндемдеу қондырғылары санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Жалпы, бүгінгідей еліміздің қант өндірісіне аса басымдық беріп жатқанын ескеріп, аудан басшылығы алдағы уақытта аталған серіктестікпен тығыз байланыста болмақ.