Шу ауданының әкімі С.Арубаев Шатыркөл-Жайсан кластерінде жаңа кен байыту фабрикасының құрылысы барысымен танысты. Жобалық құны 55 771,3 млн теңгені құрайтын құрылыстың
тапсырыс берушісі – «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС.
Фабриканың құрылысымен мердігер ретінде «ААEngineering Group» ЖШС мамандары айналысуда.
Жалпы, мұндағы жұмыс қарқыны жоспарға сай. Былтыр 11,7 млрд теңге қаражат игерілсе, биылға жоспарланғаны 36,6 млрд теңгені игеру. Ал 2023 жылы мердігер компания 7,4 млрд теңгені игеріп, жұмысты толық аяқтауы тиіс.
Бұл фабрика іске қосылса, жобалық қуаттылығы бойынша жылына 1,2 млн тонна кен байытуға қауқарлы. Бұл аудан экономикасы мен еліміздің кен игеру саласы үшін үлкен жаңалық болмақ. Мердігер копания өкілінің айтуынша, құрылыс кезеңінде 300 адам жұмысқа жұмылдырылады. Ал, іске қосылғанда 348 адамның тұрақты жұмыс орнына айналмақ.