Мойынқұм аудан әкімі , «AMANAT» партиясының Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы Балқыбеков Әлихан Әбіләшұлы қатысуымен партия активінің кеңесі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Сондай-ақ, аудандық мәслихатының хатшысы Қалымбетов Бақытжан Аладсүгірұлы, аудандық филиалдың Саяси кеңес мүшелері, мекеме басшылары, партия ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйым төрағалары мен жастар өкілдері қатысты.
Филиал төрағасы Ә.Балқыбеков Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 16 наурызда «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауын насихаттай келе, қаңтардағы қасіретті оқиғасына тоқталып, бірлігімізді сақтап қалуға шақырды. Сонымен қатар, Жолдауда айтылған әр басымдыққа айрықша көңіл бөліп, Жаңа Қазақстанды құруға бірге ат салысуға шақырды.