Жамбыл облысында су көздерінде адамдардың суға кету фактілерінің жиілеуіне байланысты және шомылу маусымында қауіпсіздік шараларан сақтау мақсатында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен баспасөз туры ұйымдастырылды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жазғы кезеңде төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында су айдындарында 1002 рейд және патрульдеу жүргізілді, жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 33 800 жадынама мен кітапшалар таратылды. Аталған іс-шараларға Төтенше жағдайлар департаментінің 2349 қызметкері, полиция департаментінің 423 қызметкері және 882 волонтер қатысты. Сонымен қатар, оқу орындарында халықпен жиындар, интерактивті сабақтар өткізілді.
Облыс аумағындағы аса қауіпті су айдындарында төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құрамынан 3 мобильді құтқару бекеті қойылып, 55 жасақ дайындалды.
Өңірде барлығы 15 стационарлық құтқару бекеттері құрылды (Объектілік-12, ТЖМ күшімен-3).
Су қоймаларының түбіндегі қауіпті анықтау мақсатында 9 жағажайға тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ су айдындарында 40 түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 12 орын анықталды. Шомылуға тыйым салынған орындар саны-86.
Облыс аумағында 40 стационарлық бассейн, балалардың шомылуына арналған 6 орын бар(Қаратау қ.-1, Талас ауданында — 1, Жаңатас қ. -1, Қордай ауданы-2, Тараз қ. – 1 (көл. Зербұлақ қайта жаңартуға жабық).
Облыс әкімдігінің білім басқармасы 12 мыңнан астам баланы жүзуге үйрету жоспарланған бассейн иелерімен 22 келісімшарт бекітілді. Қазіргі уақытта келісімшарт аясында 1622 оқушы жүзуді үйренді.
Ағымдағы жылы облыстың су айдындарында 4 жазатайым оқиға тіркелді, 5 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала.(2021 3/1).
Шомылу маусымы кезеңінде (маусымнан бастап) 3 жазатайым оқиға тіркелді, 4 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала.
Сондай-ақ, жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен облыстың су айдындарында 2 бала құтқарылды.
Іс-шара барысында шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізілді, шомылушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылып, сондай-ақ төтенше жағдайларға жол бермеуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген іс-шара барысында құтқарушылар іздестіру және құтқару жұмыстары үшін қолданылатын арнайы жабдықтарды, аппараттар мен құрылғыларды, суға батушыны құтқарудың практикалық әдістерін және дәрігерге дейінгі ллғашқы көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.