Облыс әкімі судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

0 2
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 24 маусым – Судья және сот қызметкері күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. 
Салтанатты шараның шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен түрілді.
Облыс әкімі сот саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы табандылығы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы адал қызметін ерекше атап өтті.
Бүгінде өңірде 120 судья мен 296 сот қызметкері еңбек етуде.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары сот жүйесінде әділдік пен сенімді арттыруға бағытталған кешенді реформалар жүзеге асуда. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – сот төрелігін заманауи талаптарға сай жаңғырту, халыққа жақын, қолжетімді, әрі ашық сот билігін қалыптастыру.
«Заң – халықтың қорғаны, әділдік – елдің тұғыры» десек, Сіздер осы ұлы мұрат жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Ел мерейі жолындағы еңбектеріңіз әркез жоғары бағаланып, абырой биігінде болыныздар! – деді Ербол Қарашөкеев.
Судья және сот қызметкері күні кәсіби мерекесіне орай және сот жүйесіндегі мінсіз қызметі үшін 10 азаматқа өңір басшысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.
Бұдан соң Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, ҚР Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Азиз Әлиев құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік марапаттарды тапсырды.
Сот жүйесінің ардагері Асылхан Дармұрзаев әріптестеріне ақ батасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.