Тараз қаласында Азаматтық орталық ашылды

0 12

Бүгін Таразда Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында облыстық үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық орталық ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Агенттігі хабарлайды.

Орталық қызметі азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін қызметтердің әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімділігін қамтамасыз етуді, үкіметтік емес ұйымдардың сапалы қызметтеріне кедергісіз және жеңіл қолжетімділікті қамтитын пайдалылыққа бағытталатын болады.

Сондай-ақ, Орталыққа жүгінген жағдайда үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар бойынша, сондай-ақ, сыйлықақылар беру бойынша конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауда әдістемелік көмек көрсету, әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде материалдық-техникалық және ұйымдық ықпал ету, үкіметтік емес ұйымдарға кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу, ротациялық (бекітусіз) негізде жұмыс іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды қысқа мерзімге ұсыну, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, консалтингілік және білім беру қызметтерін көрсету, азаматтық сектор арасындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүйесін дамытуға ықпал ету, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Орталықтың жұмысы аясында «үкіметтік емес ұйымдар мектебі», көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, үкіметтік емес ұйымдар арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауы ұйымдастырылып, Орталықтың интернет-сайты жұмыс жасайды.

Тараз қаласындағы Сыпатай батыр 8/2 мекен-жайында ашылған Орталықтың құрылымына 70 адамға арналған мәжіліс залы, ақпараттық-кеңестік және әдістемелік офис кіреді.

Айта кетейік, азаматтық – тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері – туғанда және натурализация ретімен беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.