Шу ауданы жалпы құны 9754,6 млн. теңгенің өнімін өндірді

0 0

Шу ауданы жалпы құны 9754,6 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы ӨКҚ алаңында Шу ауданы әкімі Қайрат Досаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Қайрат Әскербекұлы айтуынша, ауданда табысты еңбектің нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында бірқатар жұмыстар атқарылған. Ағымдағы жылы жалпы шығарылған өңірлік өнім көлемін 92 млрд. 950,4 млн. теңгеге қол жеткізу жоспарланған. Ал, ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 3352,4 млн. теңге, физикалық индекс көлемі 108,1 %-ға орындалды. Нәтижесінде, өнім көлемі 2017 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 345,3 млн. теңгеге артық орындалған.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында ауданда 3 жоба және екінші бесжылдығы шеңберінде 1 жоба, жалпы 4 жоба іске асырылады. Сондай-ақ, жалпы құны 314 млрд 710 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Сонымен бірге, ауданда «Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы 541 533,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде облыстық нысаналы Трансферттен 396 533,0 мың теңге, жергілікті аудандық бюджеттен 145 000,0 мың теңге қарастырылған.

Ал құрылыс жұмыстарының көлемі есепті мерзімде 5803,2 млн. теңгені құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2666,5 млн. теңгеге артқан. «Елдімекендердегі сумен жабдықтау және су беру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2017 жылға бөлінген қаражат 229 254,0 мың теңге толығымен игерілді. 2018 жылға 555 044,0 мың теңге бөлініп, Қонаев ауылының су жүйелерінің құрылысы жүр­гізілуде. Сметалық құны 834,324 мың теңге, нысан 2018 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында, «Шу қаласы Жетісу тұрғын алқабындағы 75 пәтерлік 5 қабатты №4 үйді қайта қалпына келтіру» нысаны бойынша жұмыстар жүр­гізілді. Сметалық құны – 415 170,185 мың теңге. 2017 жылға бөлінген қаржы 100 млн теңге толығымен игерілді. 2018 жылға бөлін­ген қаражат – 295 140 мың теңге. Игерілгені – 289 870,0 мың теңге (ОБ). Шу қаласындағы Тоғай мөлтекауданында 300 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы басталды. 2018 жылға құрылыс жұмыста­рына республикалық бюджеттен – 400 000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 44 444,0 мың теңге бөлінді. Игерілгені 201 587,0 мың теңге (РБ).

Білім беру саласына келер болсақ, Шу қаласындағы Тоғай мөлтек ауданында 300 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы басталды. 2018 жылға құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 400 000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 44 444,0 мың теңге бөлінген.

Шу ауданында 3423 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі күнде жұмысқа  1614 адам жолдама алған. Жұмыссыздық деңгейі 2,6 % құрайды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту­дың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдар­ламасы бойынша келесі межеге қол жеткізу жоспарлануда. «Бағдарламаға қатысушы­ларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқамерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 75 217,0 мың теңге қара­жат бөлініп, 464 адамды оқыту жоспар­ланған. Бүгінде Жұмыспен қамту орталы­ғының автоматтандырылған кіші базасында 408 азаматтың өтініші, қабылданып жұ­мыссыз ретінде тіркеліп, 221 адам тұрақ­ты жұмысқа орналасты. Ал екінші бағыт бойынша 255,7 мың теңге қаражатты, яғни 47 адамға шағын несие беру және«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­латасының Шу аудандық филиалы ар­қылы 232 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бүгінде 132 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бо­йынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сер­­тификат алды. 28 азамат 104 млн теңге қа­­ражат шағын несие алды. Үшінші ба­ғыт – «Халықты жұмыспен қамтуға жәр­дем­десу және еңбек ресурстарының ұтқыр­лығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 705 адамды жұмыспен қамту жос­пар­ланып, оған 160 694,0 мың теңге бөлінді. Биыл міндетті медициналық сақтандыру бойын­ша 23400 азаматтың тізімі беріліп, бүгінде 10440 азаматтың мәртебесі өзектен­дірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.