Жамбыл ауданында 6 ай ішінде өндірілген өнім көлемі 30 миллиардтан асқан
6 айда Жамбыл ауданында өндірілген өнім көлемі 30 миллиард 310,3 миллион теңгені құраған. Аталған мәліметті «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Қазанбасов айтты,- деп хабарлайды «Zhambylnews « Ақпараттық Агенттігі.
2019 жылдың 6 айында ауданның жалпы шығарылған өнім көлемі 30 млрд. 310,3 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,2%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 24 млрд. 591,1 млн. теңге).2019 жылдың 6 айында өнеркәсіп саласында 9 млрд. 936,1 млн. теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 220,4%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 4 млрд. 507,4 млн. теңге). Нақты индекс көлемі 102,1% болды.
Жалпы өндірілген өнім көлемі аудандағы өндіріс орындарының есебінен ұлғайған. Мәселен, «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС 6 млрд. 398,3 млн. теңгеге 49,9 мың тонна өнім өндірді .Кәсіпорын АИ-80 маркалы бензин, мазут, авиациялық керосин және дизель отынын өндіруге бағытталған.
Ал «КнауфГипсТараз» ЖШС-де 619,4 млн. теңгеге (294 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 107%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 578,7 млн. теңгеге 279,3 мың тонна).
2010 жылы құрылған«БиномСтройДеталь» ЖШС 6 айда 119,7 млн. теңгеге (10,9 мың тонна) темірбетон бұйымдарын шығарып, жоспарды 185%-ға орындаған.
Аталған кәсіпорын алғашында су шаруашылығына арналған лотоктар, үйге қажетті жабдықтар шығарумен айналысқан. Ал , 2015 жылдан бастап толық қуатымен іске қосылып құрылысқа қажетті материалдар шығарумен айналысып келеді. Кәсіпорында 100-ден астам адам еңбекке тартылған. Бастапқыда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының өңірдегі жүзеге асуына үлес қосса, бүгінгі таңда «Бәйтерек холдингі» арқылы келісімшартқа тұрып көпқабатты тұрғын үйлер салуда.
«Суперфарм» ЖШС 376,3 млн. теңгеге (2 730 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды немесе 59,6%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 631,6 млн. теңгеге 6 954 мың дана).
Жамбыл ауданында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған өндіріс орнының бірі- «КазУпакТрейд» ЖШС. 1 725 млн теңгеге соғылған кәсіпорын 6 айда 44,2 млн. теңгеге (4,4 мың тонна) гипс өнімдерін өндірген. (2018 жылдың 6 айы – 58,8 млн. теңгеге 5,8 мың тонна).