Жамбыл ауданында 9960 га масақты дәнді-дақыл орылып, жалпы түсім 21 571 тоннаны құрады. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды «ZhambylNews « Ақпараттық Агенттігі.
Мал және ауылшаруашылығына бейім Жамбыл ауданының жалпы көлемі 41 500 шаршы шақырым. Тарихына көз жүгіртсек 1930 жылдың өзінде бірден-бір ең үлкен машина-трактор (МТС) станциясы ашылып, ауыл шаруашылығына жұмыс істеген. 1930 жылғы санақ деректері бойынша ауданда 33 012 бас ірі қара мал, 298 067 қой, 267 шошқа болған екен. Ал қазір халқының саны 86 411 тұрғынды құрайды. 45 елді мекен, 10 өндірістік кооператив, 4 ЖШС, 1772 шаруа қожалығы, 751 жеке кәсіпкерлік, 117 шағын кәсіпкерлік, 13 өнеркәсіп орын бар
-2019 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 7 млрд. 033,4 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,6%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 6 млрд. 245 млн. теңге). Ал, нақты көлем индексі 103,4%-ға жетті.
– өсімдік шаруашылығы бойынша 310,6 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,4%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 310,6 млн. теңге). Нақты көлем индексі 100%-ға жетті.
– мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 6 млрд. 245 млн. теңгені құрады немесе 113,5%-ға орындалды (2018 жылдың 6 айы – 6 млрд. 245 млн. теңге). Нақты көлем индексі 103,5%-ға жетті,-деді аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы.
Аудан бойынша 2019 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 55 300 гектарды құраған. Оның 2 000 гектарына күздік бидай, 11 010 гектарына жаздық арпа, 1 500 га жерге дәндік жүгері, 3 640 га майлы дақылдар егілген. Қант қызылшасының алқабы 1 500 га болса, 425 га жерге картоп, 7 290 га көкөніс, 535 га бақша, 27 400 га көпжылдық шөп орналастырылған.
Қазіргі таңда 2 026 га күздік бидай, 11 310 га жаздық арпа, 1 672 га дәндік жүгері, 3 151 га майлы дақылдар, 605 га қант қызылшасы, 525 га картоп, 7 660,5 га көкөніс, 740,5 га бақша және 27 165 га мал азығы себілді.
Бүгінгі таңда 9 960 га масақты дәнді дақылдар орылып, жалпы түсім 21 571 тонна құрады. Өнім көлемі гектарына 21,7 центнер.