Жамбыл облысында Қазпошта мен Mastercard интернет-сауда үшін бонустық бағдарламасы бар төлем картасын шығарды
Жамбыл облысында Қазпошта мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі бірігіп шығарған жаңа E-commerce картасын қолданушылар әртүрлі валютадағы үш шотқа байланыстырып, сол карта арқылы шетелдік дүкендерде тауарлардың ақысын конвертациясыз төлеп, коммуналдық қызметтер, салықтар бюджетке төлемдер, ұялы байланыс секілді қызметтерді комиссиясыз төлеп, сондай-ақ, интернет-дүкендерде және корпоративтік post.kz порталында бонус ала алады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
E-commerce Mastercard төлем картасын шығарудың басты идеясы — қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту. Жаңа карта қолданушыларымыз үшін жаңа бейілділік бағдарламасын да шыққан. Бұл бағдарлама аясында клиенттер post.kz порталы арқылы қаржы қызметтерінің ақысын төлеп, Қазпоштаның серіктес интернет-дүкендерінен алған тауарлардың құнын карта арқылы төлеп бонус ала алады. Бір операцияға берілетін бонус мөлшері — 50 теңге. Бонустар клиенттің бөлек бонустық шотына жиналады. Бонустарды post.kz және Қазпошта бөлімшелерінде төлемдер үшін пайдалануға болады.
Сондай-ақ, картаның артықшылығы екінші деңгейлі банктер желісінде қолма-қол ақшасыз сатып алу сомасынан 1% кэшбек қайтарылады, Қазпошта терминалдары арқылы картадан ақша алып, оны толтыруға болады, төлем карталары тегін шығарылып, үйге дейін жеткізіледі, карта электрондық ПИН-кодпен (EPIN) шығарылады.
Mastercard төлем жүйесімен ынтымақтастық 3dSecure Code технологиясын автоматтық түрде қосып, бір реттік парольмен интернет желісіндегі төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, карта бір рет басып сатып алуға мүмкіндік беретін байланыссыз төлем функциясымен қамтылған және Mastercard серіктестерінен жеңілдіктер береді.
«Біздің Қазпоштамен өзара қарым-қатынасымыз бірнеше жыл бұрын басталып, қарқынды дамып келеді. Біз қызықты әрі клиенттердің сұранысына ие қызметтері бар E-commerce картасы жаңа өнімін іске қостық. Қазпоштаның инновацияға және сервистің алдыңғы қатарлы өнімдері мен стандарттарын енгізуге бағытталған қазіргі даму векторы MasterCard-тың электрондық төлемдерді дамытудағы басымдықтарына сәйкес келеді. Карталарды шығарудағы ынтымақтастық қауіпсіз, қарапайым және ыңғайлы төлем құралдарын ұсынуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақстандағы, Беларуссиядағы және Армениядағы Mastercard компаниясының жетекшісі Нина Виллемс.
Айта кетейік, E-commerce картасында бонустар жинауға болады:
— post.kz корпоративтік сайтында қаржылық қызметтерге коммуналдық қызметтер, салықтар бюджетке төлемдер, ұялы байланыс ақы төлеу кезінде — қолма-қол ақшасыз операция сомасынан 50 теңге, операцияның ең аз сомасы — 5 000 теңге.
— Қазпошта серіктестерінің тауарлырының ақысын интернетте төлеу кезінде — қолма-қол ақшасыз операция сомасынан 50 теңге, операцияның ең аз сомасы — 10 000 теңге.