Қазіргі жағдайда қанайналым жүйесі патологиясынан өлім мен мүгедектікке айналу еңбекке қабілетті 40- 60 жастағы адамдардың арасында жиілеп барады. Демек, бұл мәселенің әлеуметтік маңызы күннен-күнге өсіп келеді.
Әдетте, жүрек пен кан тамырларының біріккен қызметі нәтижесінде ағзалар мен тіндер қажетті қанмен қамтамасыз етіледі.
Толық тыныштық жағдайда организмнің қанға мұқтаждығы мөлшермен минутына 4,5-5 литр болу керек . Ауыр қол жүмысын атқарғанда бүл мүқтаждық 3-4 есе артады. Мұндай жағдайға қарай организмнің қанға мүқтаждығы өзгеріп түруы, қанайналым жүйесінде үлкен бейімделу мүмкіншіліктері аркылы қамтамасыз етіледі.
Жүрек-қан тамырының өте нәзік, әрі тұрақты реттелу тетіктері бар. Олар организм денгейінде жүйелік, ағзалық, жасушалық, молекулалық болады. Реттелу тетіктері жүректің кейбір бөліктерінің жұмысын және қан тамырлармен байланысын ғана реттеп қоймай, оның баска жүйелермен де (тыныс алу) байланысын реттейді. Сондықтан қанайналым бұзылғанда өкпеде зат алмасу тіндерде 02-ін пайдалануы, сүйек кемігіндегі эритропоэздің артуы т.с.с. өзгерістер байқалады. Осының нәтижесінде қан айналым жүйесінің кейбір жерлердегі бұзылыстары ұзақ уақыт сыртқы ортаға бейімделген күйінде сақталып тұрады, яғни адам озін аурумын деп санамайды және енді пайда болған белгілерге мән бермейді. Егер бұзылу тым үлкейіп, организмнің компенсациялық мүмкіншіліктері азайған немесе әлсіреген болса, онда қанайналымның жеткіліксіздігі дамиды.
Қанайналымның жеткіліксіздігі белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайында ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдай.
Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер 02 мен қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.
Қанайналым жетіспеушілігі бұл — жүрек-қантамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерге жеткілікті мөлшерде кан жеткізу кабілетінің төмендеуі.
Жүрек жетіспеушілігі – бұл жүректің қан айдау қызметінің нашарлауы салдарынан организмді қанмен камтамасыз ету кабілетінің төмендеуі
Жүректің қанды айдау қызметінің төмендеуі салдарынан нейрогуморалды жүйесінің белсенділігі артады, ол өз кезегінде тамырдың тарылуына, ағзалардын ишемиясына, сұйыктын іркілуіне (судың жиналуы), миокардтың зақымдалуына және жүректің ұлғаюына алып келеді. Оның себебі жүрек жетіспеушілігіне алып келеді.
Фремингем зерттеуі бойынша жүрек жетіспеушілігі клиникалык симптомдары пайда болғаннан соң 5 жылдык өлім корсеткіші ерлерде 62%, әйелдергд 42% үлесін құрайды Бір жылдык өлім көрсеткіші жүрек жетіспеушілігі болған уақыттан және оның ауырлығнына байланысты болжанады. Жүрек жетіспеушілігі Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясы (NYHA, 1964ж) бойынша жіктеледі. Функционалдық класс (ФК) I 10-12%, Функционалдық класс II 20-25% дейін, Функционалдық класс III 40% дейін, Функционалдық класс IV 66%-ға дейін көрсетеді. Еуропа елдерінде жүрек жетіспеушілігі шамамен 70-89 жаста пайда болса, ал СНГ елдерінде 50-69 жаста, демек бизде ерте пайда болады, неге ? Себебі бізде аурудың алғашқы сатыларында медициналық тексеруден өтпеуі және азаматтардың оз денсаулыгына салғырт қарайтындығы жүрек жетіспеушілігі ерте пайда болуына әкеп соқтырады.
Жамбыл облысына келетін болсақ, 2018 ж өлім бойынша мониторингі мәліметтері : 201 8ж бойынша 100мың халық санына есептегенде -106,1, 2017жылы -117,6. Тараз қ. бойынша көрсеткіш 172,7, 2017ж- 193,2, ал аудандарда 75,1, 2017ж 81,7. Облыс боынша, 100мың тұрғынға шаққанда жүректің ишемиялық ауруынан 42,3 науқкас көз жұмған, миокардит -5,4, АГ -1,9. Облыс бойынша 2018ж барлық қайтыс болғандар саны 697, ал 2017ж 947.14 жасқа дейінгі кайтыс болғандар саны бойынша 4(0,6%), 2017ж 5 (0,5%), 15 жастан 30 жасқа дейін -3 (0,4%), 2017ж -5(0,5%), 31ден 60жасқа дейін -206(29,6%), 2017ж 220(23%), 60 жастан жоғары 484(64%), 2017ж 717(75%), ревматикалық жүрек аурулары -7(1,0%), 2017ж -22(2,3%), жүрек соғуының бұзылуына байланысты 14 (2%), 2017ж 34 (3,6%), созылмалы жүрек жетіспеушілігінен жылына орта есеппен 30 (2,3%) науқас көз жұмады.
Ғылыми клиникалық кардиохирургия
және трансплантология орталығының
кардиолог дәрігері Бегдильдаев Алмас