Жамбылдықтар Республика күнін атап өтті

0 3

Тараз қаласында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, оның орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен аумақтық департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, көк аспанда Мемлекеттік Ту асқақтап желбіреді.

Іс-шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Көрермендерге патриоттық рух сыйлаған іс-шара «Өз елім» әнімен түйінделіп, тараздықтар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ұлттық мереке облыстың барлық ауданында кең көлемде атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.