Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің назарына!

0 4

Конкурсты ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы;
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №35, 4 қабат, каб. 407;
Пошталық мекен-жайы: 080012;
Электрондық пошта мекен-жайы: dkb.otdel@mail.ru, akim_dpp@mail.ru,;
Байланыс телефоны: 8/7262/ 43-88-95, 43-89-09.

Конкурс мақсаты: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға қайтарымсыз негізде, салалық шектеулерсіз «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз бизнесін құруға мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Бөлінген қаражат: 10,0 млн.теңге

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама пакетін береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. «20» қыркүйектен бастап 2019 ж. «4» қазан аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «20» қыркүйек сағат 9.00.
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «4» қазан сағат 17.30.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.