Жамбыл ауданы аумағында автожолдар мен көше -жол желісінде жол-көлік оқиғасының алдын алу, жол апатына тікелей әсер ететін әкімшілік құқық бұзушылықтарды және жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушы жүргізушілеріне, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, жолдағы мінез-құлық мәдениетін насихаттау, халықпен жол-көлік оқиғасының алдын- алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында көліктің аса көп жүретін АСА-ТАРАЗ тас жолының бойында полиция қызметкерлерінің арнайы көлігінің макеті орналастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Макет полиция қызметкерлерінің арнайы көліктерінің айнымас көшірмесі -3D форматында жасалған, түнгі және күндізгі уақытта көліктің жарық шамдары жанады.