Жамбыл облысында сыбайластықты хабарлаған азаматтарды көтермелеу оң динамикада өсуде

0 2

Жемқорлық нәтижесінде келтірілген залалдарды өніру және сыбайластықты хабарлаған азаматтарды көтермелеу оң динамикада өсуде. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент тарапынан қылмыстармен келтірілген залалды өндіру бағытында бірқатар жұмыс жасалынып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Қылмыстармен келтірілген залалдың соммасы 1,4 млрд. 2018 – 845 млн. теңгені құраған, оның 975 млн.  2018 – 792 млн.  теңгесі өндіріліп, қылмыстық жолмен табылған 122,3 млн. 2018ж. – 866 мың теңгенің мүлігіне тыйым салынды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бөлігінде үнемі түрде профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Есептік мерзімде 20 азаматқа 2,8 млн.  теңге көлемінде сыйақы төленген

Leave A Reply

Your email address will not be published.