Жуалы ауданында спортзал ашылды

0 8

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай  Жуалы ауданы  Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылында жаңа спорт кешені  ашылды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттарына 135 млн. теңге жұмсалса, құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 107,4 млн теңге бөлінген.

-Соңғы жылдары ауданымызда көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл тұрғындарының әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары жақсарып келеді. Міне, тек бүгінгі күні ауданда алты жаңа құрылыс нысандары ашылғалы тұр,- деді аудан әкімі  Нарбай Ергебеков.

Айта кетейік, аудан әкімі Нарбай Ергебеков Билікөл ауылдық округінің тумасы, ұзақ жылдар ауылдық кеңестің, одан кейін ауылдық округ әкімі болып қызмет атқарған, сондай-ақ, спорт саласын дамытып, талай спорт чемпиондарын тәрбиелеген Бекберді Қашкеевтың есімін  осы спортзалға беруді қолдады.

Дәстүрлі спортзалдың лентасын  аудан әкімі Нарбай Ергебеков, Ерғали Тілеубеков пен ардагер Еңсебек Абсалямов қиды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.