Департамент жанынан құрылған ақпараттық штаб мүшелері №9 емхана қызметкерлерімен кездесу өткізді

0 1

Департамент жанынан құрылған ақпараттық штаб мүшелері №9 емхана қызметкерлерімен кездесу өткізді. ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиын барысында жемқорлықтың қоғамда салдары мен зияны жайында айтылып, оның алды алу үшін әр азамат өзіндік үлесін қосса деген ұсыныстар берілді.

Кездесуде сөз алған Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев жемқорлық адам санасын улайтынын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, штаб жетекшесі Қасымхан Төлендиев қызметкерлерге дертіне шипа іздеген азаматтың қолына дәметіп қарамай, антына адал болуы керектігін тағы еске салды. Сондай -ақ, алдағы уақытта штаб жұмысы өзге жұмысшы ұжыммен кездесіп, жұмысын жалғастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.