Жаңатаста баспана мәселесі оң шешімін табуда

0 0

Жаңатаста баспана мәселесі оң шешімін табуда. 2007-2019 жылдар аралығында 1048 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тек ағымдағы жылдың өзінде 3 көпқабатты тұрғын үй жөнделіп, 190 отбасы тұрақты баспанамен қамтылды.

Бұдан бөлек Жаңатас қаласында коммуналдық меншіктен пәтер алу кезегіндегі тұрған аса мұқтаж көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға аналарға уақытша тұруға жатақхана ретінде, Жаңатас қаласы 4-шағын ауданындағы 56 пәтерлік №15 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, көпбалалы 10 отбасыға мемлекеттік тарапынан және қаладағы демеушілер есебінен 2 отбасыға пәтер сатып алынды.

Әлеуметтік мүдеге орайластырылған «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасынада қала тұрғындары белсене қатысуда.
Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 18 қала тұрғыны «Тұрғын үй жинақ банкіне өтінім беріп, оның 3-і облыс орталығынан жаңа пәтерлерге қоныстанды.
Бүгінгі күнмен халықтың динамикалық өсуіне байланысты 1975 азамат пәтер кезегінде тұр.

Оның ішінде 1015 азамат әлеуметтік жағынан әлсіз топтар санатына, 230 азамат көп балалы отбасылар санатына, 10 азамат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына және 719-ы бюджеттік мекеме қызметкерлер санатына жатады.
Бүгінгі таңда қала аумағында 91 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 12-сі қалпына келтіруге жатады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.