Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев әлеуметтік желіде тікелей эфирде қоғамдық қабылдау өткізді

0 7

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев әлеуметтік желіде тікелей эфирде қоғамдық қабылдау өткізді ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Айтқазы Дәулетқұлұлы тікелей эфир барысында әлеуметтік желі беттерінде жарияланған және алаңға қабылдауға келген тұрғындардың сұрақтарына берді.

Шаһар басшысына әлеуметтік желі бетінде тұрғындардың санитарлық тазалығы мен абаттандыру жөніндегі ұсыныстарын бір жерге топтайтын арнайы сайт ашу, тазалық айлығы кезінде арнайы конкурстар жариялау, қатысу бюджетіне жобалар ұсыну, қоғамдық бақылауды күшейту туралы ұсыныстарына қолдау білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.