Саудакент ауылында 160.9 млн. теңгеге 967 бас мал сатып алынған

0 3

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасына Байқадам ауылдық округінің құрамына кіретін Саудакент ауылы белсенділік танытуда .  Қазіргі таңда 315 аулаға өтінім жоспарланған.  Осыдан 217 аула, 602. 0  млн. теңгеге несие қаражатын алды. Бүгінгі таңга 72 аула 967 бас 160.9 млн. теңгеге мал сатып алынған ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Онда 984 аула бар, халық саны – 6006. Облыс әкімінің кездесуінен кейін іле-шала тұрғындарға сауалнама жүргізіліп, әрбір отбасына әлеуметтік карта әзірленді. Жобаның бес бағыты бойынша азаматтарға жан-жақты түсіндірілді.

Пилоттық жоба аясында үй іргесіндегі жерді және мал шаруашылығын тиімді пайдалануға, кооперативтерді ашуға немесе жабдықтауға, тұрғындар өздерінің кәсібін ашуға немесе ұлғайтуға сұраныс берілді.

Алдағы уақытта ауыл тұрғындары әлі несиесін алып мал сатып алатын болады. Жане 3 жылыжайға, 1 наубайханаға несие алып жатыр .

Саудакент 2019 кооперативіне техника жеткізілуде. 3 трактор, тіркемелер алынуда.

Атап айтқанда, ауыл тұрғындары Айнұр Сатиева 4 300 000 теңгеге төрт сауын сиыр, екі жылқы, 31 бас уақ мал алса, Күмісхан Қауқаева да бес жылқы мен бес сиырды 4 300000 теңгеге сатып алды.

Рашхан Салықов 2 260 000 теңгеге бес сауын сиыр мен он бас уақ мал иеленді.
Бірыңғай жылқы алып жатқан жеке кәсіпкерлер де бар. Мәселен Сандуғаш Тілеубаева болса 3 400 000 теңгеге – сегіз, Дана Тойжанова 3 360 000 теңгеге жеті жылқы алып, жеке кәсіп ашып, аулаларын игеруді бастады, – деді Байқадам ауылдық округінің әкімі Амантай Назарбеков.
Ауыл әкімі Саудакенттің тумасы. Осында дүние есігін ашып, орта мектепті бітірді.
Амантайдың айтуынша, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға арналған бірінші бағыт бойынша 901 ауланың 118 гектар жеріне көкөніс егілетін көрінеді. Тіпті ол екі айналымда қанша гектар аулаға қандай көкөніс түрлері мен бақша өнімдері егілетініне дейін тарқатып баяндап берді.

Айта кетейік,  осы тұрғыда зерделеу барысында тұрғындардың ұсыныстарымен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған 5 бағыт қарастырылып отыр. Олар: үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы (пайлық) жерлерді тиімді пайдалану, үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру, қосалқы шаруашылықтарды жемісті жүргізуге қолбайлау-мәселелерді кооперативтер арқылы шешу және ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру. Бұл 5 бағыт бойынша жалпы құны 46,4 миллиард теңге көлемінде 31 мыңнан астам жобаны іске асыру мүмкіншілігі анықталып отыр. Нәтижесінде 131 мың отбасы немесе 600 мыңнан астам адам айына орташа есеппен 128 мың теңге көлемінде тұрақты табыспен қамтылып, 68 мың тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкерге айналады деп күтілуде. Сол секілді, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 34 пайызға ұлғайып, Сүт пен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 30 пайызға артуы есептелген. Бұл әлбетте жалпы жұмыстың түпкі табысына айналмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.